378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды

  • 305
  • UPD: 16:15, 25.02.2019
ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды

Бүгін сағат 12:00-ден бастап Өскемен - Таулы Үлбі - Солтүстік автомобиль жолында қарды алдын ала көшіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Автомобиль жолының 30-37 шақырым арасындағы учаскеде қар көшірілетіндіктен, жол уақытша жабылды», - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Соңғы екі күнде өңірдегі бес учаскеде алдын ала қарды көшіру жұмыстары жүргізілген.

Облыстағы таулы аймақтарда қыс басталғалы бері 25 рет қар көшірілгеніне қарамастан, көшкін қаупі сақталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы