378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада бір көше уақытша жабылады

  • 270
  • UPD: 08:29, 26.02.2019
Астанада бір көше уақытша жабылады

26 ақпан күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қ. Сәтпаев – Балқантау көшелерінің қиылысында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты автобус қызметі шектеулі болады.

Бұл туралы «Астана LRT» баспасөз қызметі хабарлады.

№ 14 бағдар «Теміржол вокзалы» бастапқы пунктінен Қ. Сәтбаев – Б. Момышұлы даңғылының қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Б. Момышұлы даңғылына оңға, Тәуелсіздік даңғылына солға, Қошқарбаев көшесіне, Аманжолов көшесіне оңға, одан әрі бұрынғы сызбамен қатынайды.

Кері бағытта да аталған сызбамен қатынайды.

Хабар 24 телеарнасы