389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 544
  • UPD: 20:11, 28.02.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды ТВК

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты 1-2 наурызда БҚО, 1-4 наурызда ШҚО-да қардың еруі және ағынды судың қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі күтіледі.

1-4 наурыз аралығында ауа температурасының жоғарылауы мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты Түркістан мен Жамбыл облыстарында бүйірлік ағынның қалыптасуы, соның ішінде Қызылорда облысы аймағындағы Сырдария өзенінде мұздық құбылыстардың әлсіреуі күтіледі.

2-4 наурыз аралығында қатты жауын-шашын мен ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты Қарағанды, Алматы облыстарында қардың еруі және ағынды судың қалыптасуы, өзендерде мұздық құбылыстардың әлсіреуі күтіледі.

2019 жылдың 28 ақпан 21:00-ден 1 наурыз сағат 21:00-ге дейін Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18 м/с күтіледі.

1 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болы ықтимал.

Ақтөбе қ: күндіз оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15 м/с күтіледі.

1 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 1 наурызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел күші 15-20 м/с дейін күтіледі. Семей қаласында 1 наурызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел күші 15-20 м/с дейін күтіледі.

1 наурызда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шымкент қ.: 1 наурызда найзағай, оңтүстіктік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қ.: 1 наурызда найзағай, түнде оңтүстіктік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Хабар 24 телеарнасы