375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында бірнеше бағытта жолдар жабылды

  • 300
  • UPD: 10:21, 03.03.2019
Ақмола облысында бірнеше бағытта жолдар жабылды

Ақмола облысының жолдары көктайғақ салдарынан жабылды. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлайды.

Көктайғақ салдарынан Көкшетау-Омбы, Щучье-Петропавл, Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка жолдары жабылды.

Бұған дейін Қазгидромет Ақмола облысында жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп, қалың қар түсетіндігін, көктайғақ болып, боран тұратындығын және тұман басатындығын ескерткен еді. Ауа райының қолайсыздығынан Астана-Щучье және Астана-Қостанай жолдары да жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы