379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боранға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды

  • 366
  • UPD: 09:31, 04.03.2019
Боранға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды eKaraganda

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қалың қар жауып, боран соғуда.

Көктайғақ пен күшті жел де жұртшылықты әлекке салды. «Қазавтожол» хабарлағандай, «Астана-Петропавл» бағытындағы тасжол жабылған. Қатты боран мен көктайғақ барлық көлік түрлерінің қозғалысын тежеді. Ауа райының бұзылуы «Астана-Қарағанды» бағытындағы жол қатынасына да әсер еткен. Елордадан Атбасарға, Павлодарға бағыт алған қоғамдық және жүк көліктеріне де шектеу қойылды. Қазір Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстарында да жолдар жабылды. Ал оңтүстік өңірлерде «Қазгидрометтің» хабарлауынша, жаңбыр жаууы ықтимал. Ел шығысында, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарында қар еріп, еріген су ағыны орын алады.

Хабар 24 телеарнасы