378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазгидромет мереке күндеріне ауа райы болжамын жариялады

  • 388
  • UPD: 12:22, 06.03.2019
Қазгидромет мереке күндеріне ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК 7-10 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы демалыс және мейрам күндері Қазақстан аумағындағы ауа райы тез алмасатын көктемгі құбылмалы атмосфералық процестерге байланысты болады. Еліміздің солтүстігінде атмосфералық ағындар өтетіндіктен қар жауып, боран соғады. Батыстан күшті жел тұрады және көктайғақ күтіледі.

Ал оңтүстікте кей жерлерде жауын-шашын болады. Ауа температурасы республика бойынша климаттық нормадан жоғары болады. Түнде және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы