378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық әйелдердің қалауы не?

  • 390
  • UPD: 10:23, 07.03.2019

Кімге не сыйлау керек? Мәселе ме? Мәселе! Ер адамдардың құлағына алтын сырға. Алдағы мерекеде әйелдерге ас үй құралдарын, тұрмыстық техниканы не жасанды гүлдерді сыйламаңыз.

Бұған қоса, нәзік жандылар қазір кәдесыйларды да ұната бермейді.

Қазір нағыз мереке алдындағы қарбаластың қызған шағы. Әсіресе, әйелдер көңілін дөп тауып, ерекше қуаныш сайлау қиынға соғып барады. Өйткені бүгінгідей жаһандану дәуірінде талғам да, таңдау да күн өткен сайын өзгеріп жатыр. Оған отандық зерттеу компаниясы жүргізген сауалнама дәлел. Оның нәтижесіне сүйенсек, қазір арулар ыдыс-аяқ, киім-кешек не құттықтау қағазын алғанды ұнатпайды. Бұған қоса, кәмпит не торт сияқты тәттілерді де күтпейтіндерін байқадық. 

Аслан Қаженов, тілші:

– Ал былтырғы зерттеу нәтижесі бойынша біздегі ерлердің әйелерге қарағанда 40 пайызы көп шығынданатыны белгілі болды. Мәселен, жігіттер 8 наурыз күні орташа есеппен 33 мың теңге жұмсауға дайын екендерін жеткізген. Оның ішінде, әртүрлі әшекейлер, зергерлік бұйымдар және косметика түрлерін сыйлауды жоспарлаған. Бұған қоса, аруларды мейрамханаға апарам дегендер де көп кездесті. Ал биылғы сауалнамаға қатысқан 130-дан аса адамның да ойы осы жерден шықты. Бұған қоса, әрине гүлдерге деген сұраныс ешқашан жойылмайды.

Екатерина Когай, көтерме гүл саудасы компаниясының бөлім жетекшісі:

– Біз өзіміз де кішігірім сауалнама жүргізіп, қыздардың не қалаймайтынын біліп көрдік. Нәтижесінде сағат, бояу және киім деген нұсқалар басым болды. Ал сұранысы жоғары сыйлықтар тізімінін жеміс-жидек қосылған гүл шоғы бастап тұр. Яғни арнайы мамандар қазір кәдімгі алма, жүзім және лимоннан керемет сыйлық дайындай бастаған. 

Ирина Передреева, кәсіпкер:

– Бұл сыйлықты көбі анасына беру үшін сатып алады. Жалпы жеміс-жидектен жасалған гүл шоғына тапсырыс нәзік жандылардан көп түсетінін айта кету керек. Бірақ соңғы кезде ерлер де оның ерекшелігін түсініп, мереке қарсаңында жиі хабарласып жатыр.

Өткен жылы тіпті 101 раушан гүлін 15 минутқа жалға ұсынып, ол үшін 5 мың теңге сұрағандар да табылды. Бірақ биыл әлеуметтік желіні соншалық шулатып жатқандар байқалмайды.

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы