378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

8 наурыз күні Астанада әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді

  • 543
  • UPD: 16:16, 07.03.2019
8 наурыз күні Астанада әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді

8 наурыз күні елордалық қоғамдық көліктер әйелдерді тегін тасымалдайды. Бұл туралы «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева мәлімдеді.

«2019 жылдың 8 наурызында Астананың қоғамдық көліктерінде қыз-келіншектер тегін жүре алады. Мұндай науқан Астанада алғаш рет өтіп отыр. Осылайша қала билігі аруларды мерекемен құттықтауды ұйғарды», - деп жазды Науат Азанбаева әлеуметтік желіде.

Хабар 24 телеарнасы