378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Электронды үкімет порталы уақытша жұмыс істемейді

  • 271
  • UPD: 14:45, 09.03.2019
Электронды үкімет порталы уақытша жұмыс істемейді

9-10 наурыз күндері «Электрондық үкімет» порталы мен өзге де бірқатар интернет-ресурстар қызметі уақытша тоқтайды. Бұл туралы «Ұлттық технологиялар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2019 жылдың 9 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап 10 наурыз сағат 13:00-ге дейін Мемлекеттік органдардың Серверлік орталығында орналасқан телекоммуникация және серверлік жабдықта жоспарлаған жұмыс жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты бірқатар интернет-ресурстар - «Электрондық үкімет» порталы, Мобильді Office Үкіметі, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры және «Бірыңғай нотариат» ақпараттық жүйесі уақытша жұмыс істемейді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» делінген хабарламада.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы