378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның екі облысында су деңгейінің көтерілуі күтіледі

  • 331
  • UPD: 20:28, 09.03.2019
Қазақстанның екі облысында су деңгейінің көтерілуі күтіледі Zakon.kz

Күндізгі және түнгі оң мәнді ауа температуралары мен жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамына байланысты Батыс Қазақстан облысында 2019 жылдың 10-13 наурыз аралығында қарқынды қар еруі мен ағын сулардың қалыптасуы және өзендерде мұздық құбылыстардың әлсіреуі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Оң мәнді ауа температуралары болжамына байланысты Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылдың 10-13 наурыз аралығында қарқынды қар еруі мен ағын сулардың қалыптасуы және өзендерде мұздық құбылыстардың әлсіреуі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Хабар 24 телеарнасы