389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 469
  • UPD: 17:12, 13.03.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Odessa1.com

14 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады деп күтіледі.

Петропавл қаласында 14 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.

15 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы