377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәулікте ауа райы қандай болады?

  • 286
Алдағы тәулікте ауа райы қандай болады? glavred.info

Қазақстанның батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-23 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жел 15 м/с күшейеді. Атырау, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында  жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде  жел15-20 м/с күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы