379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды – Қазгидромет

  • 346
  • UPD: 14:47, 18.03.2019
Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды – Қазгидромет

Қазгидромет 19-21 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздегі алдағы үш күнгі ауа райы антициклонге байланысты болады.

«Еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашын болмайды, тек түнде және таңертең көріну қашықтығы 500 метрден төмен болатын тұман түседі. Ал қиыр батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық ағынның әсерінен жауын-шашын күтіледі. Оңтүстікте өткінші жауын жауып мен найзайғай жарқылдайды», - делінген хабарламада. Ауа температурасы орташа көп жылдық мәнге жақын, алайда оңтүстікте 5...7° C жоғары болады.

Хабар 24 телеарнасы