378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

  • 281
  • UPD: 13:27, 20.03.2019
Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады? Tengrinews

Синоптиктер 21-25 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады.

«Жауын-шашынсыз ауа райына байланысты антициклон біртіндеп әлсіреп, шығыс бағытта жылжиды. Оның орнына Өзбекстан мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен кей уақыттарда жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр күтіледі. Бірақ оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен күндізгі ауа температурасы республиканың басым облыстарында +3…+10 градусқа дейін, оңтүстікте +13…+18 градусқа дейін жоғарылайды, бұл көпжылдық орташа мәнге жуық және 3-5 градусқа жоғары болады», - деді «Қазгидромет» өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы