379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

  • 383
  • UPD: 16:27, 25.03.2019
Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды tengrinews.kz

Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Бұл туралы«Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап  Tengrinews.kz  хабарлайды.

«26-29 наурыз аралығында жаңбыр басым болатын жауын-шашын болжамына байланысты СҚО, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың қарқынды еруі, еріген қар суының қалыптасуы, өзендердегі мұз жағдайының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - делінген хабарламада.

26 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 26 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы