379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 438
  • UPD: 23:50, 27.03.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Казинформ

Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

2019 жылғы 28-30 наурыз аралығында жауын-шашынға байланысты Түркістан мен Жамбыл облыстарының тау етегі аудандарында, сонымен қатар 2019 жылғы 30 наурызда Алматы облысының және Алматы қаласының маңындағы аймақтарда баурайлы ағынның пайда болуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

2019 жылғы 28-29 наурызда қатты жауын-шашын болжамына сәйкес Ақтөбе облысында мұздық құбылыстырдың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

28 наурызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталады;

Қызылорда қ.: 28 наурыз күні күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

28 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, екпінді жел (15-20 м/с) күтіледі.

Қостанай қ: 28 наурызда күндіз желдің ұйытқуы 15-20 м/с дейін жетеді.

28-29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. 28 наурызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 28 наурызда тұман болады, 29 наурызда көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Хабар 24 телеарнасы