388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ми-8 тікұшағы қандай қолданыс мақсатына арналған?

  • 738
Ми-8 тікұшағы қандай қолданыс мақсатына арналған?

Қорғаныс министрлігі сайтының мәліметіне сүйенсек, Ми-8 әскери тікұшағы десанттық, көліктік, санитарлық - әскерлерді тасымалдауға арналған.

Тікұшақ төрт тоннаға дейін жүк немесе 32 адам тасымалдай алады. Екі қозғалтқышы бар тікұшақ авиация саласындағы ең үлкен әуе кемелерінің бірі. Дүниежүзі бойынша  12 мың данасы бар.  Оның қуаттылығы 4500 метрге дейін биіктікке көтеріліп, 1200 шақырым қашықтыққа ұшуға жетеді. Крейсерлік жылдамдығы сағатына 225 шақырым. Әлемде кең таралған МИ-8 тікұшағы алғаш рет алпысыншы жылдардың басында Ресейде құрастырылған. Тікұшақтың екі түрі бар. Біріншісі жолаушы тасымалына арналған. Екінші әскери мақсатта пайдаланылады.

 

32 адам немесе 4 тонна жүк көтереді

Әлемдегі саны 12 000

4200 м биіктікке

12 000 км қашықтыққа ұша алады

Хабар 24 телеарнасы