379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 209
  • UPD: 15:28, 02.04.2019
Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша алдағы екі күнде Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

2, 3 сәуірде тәулік бойы Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында күндіз 2, түнде 3 сәуірде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с күтіледі

3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман болады. Шығыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 4 сәуірде кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз 3 сәуірде шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі. 4 сәуірде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі

Хабар 24 телеарнасы