Синоптиктер Алматы тұрғындарын қар көшкініне тап болмас үшін барынша абай болуға шақырады.
«Қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен Алматы су алабында (2100 метр жоғары биіктігіне) 4-8 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты тау бөктеріне шығуды кейінге қалдырған жөн. Қазгидромет тауға шыққан жағдайда барынша абай болу керектігін еске салады.