377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қандай мамандықтар бойынша тегін қайта оқуға болады?

  • 518
  • UPD: 14:43, 04.04.2019
Қандай мамандықтар бойынша тегін қайта оқуға болады? Informburo.kz

Жұмыссыз жүрген азаматтар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың жұмыспен қамту орталығы қайта оқыту курстарына жұмыссыз азаматтарды қабылдап жатыр. Қайта даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі.

«Жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін қайта оқыту курстарына қабылдау жүргізілуде, Атап айтқанда, қайта даярлау курстары наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі (педагогикалық білім міндетті), менеджер (сауда, талап етілмеген мамандығы бар жұмыссыздар үшін және дипломы болуы керек), әкімші, электр және газбен дәнекерлеуші, киберқауіпсіздік маманы, анимация және бейне графика саласындағы маман, массажист (медициналық білім болуы керек) сияқты мамандықтар бойынша жүргізіледі.

Оқу барысында ай сайын 16759 теңге степендия төленеді. Қайта даярлау курсын ойдағыдай аяқтаған соң сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі», – деп мәлімдеді орталықта.

Барлық қажетті ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласындағы Жұмыспен қамту орталығынан алуға болады: Бейбітшілік көшесі, 25 «Өркен» БО, 209 каб.

Хабар 24 телеарнасы