379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш тәулікте елордада күн суытады

  • 364
  • UPD: 16:37, 04.04.2019
Алдағы үш тәулікте елордада күн суытады

Алдағы үш күнде елордада құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Синоптиктердің болжамынша, ертең елордада бұлтты болады, аздаған жауын-шашын, қар жауып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстікке өзгертіп, оның жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 °С, күндіз +5...+7 °С.

6 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде 0...-2 °С, күндіз +5...+7 °С көрсетеді.

7 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5 °С, күндіз +8...+10 °С құрайды.

Хабар 24 телеарнасы