376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады

  • 207
Алдағы тәуліктерде солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады

Қазгидромет алдағы тәуліктерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Республикамыздың солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуімен, жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы