377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 221
  • UPD: 23:39, 12.04.2019
Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

«14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16 сәуірде Қарағанды облысында жауын жауып, арты қарға айналуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел бірте-бірте солтүстік-батысқа ойысады, жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, нөсерлетіп, көктайғақ болып, бұршақ жаууы да ықтимал. 14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 15-16 сәуірде Қарағанды облысында ауа температурасы төмендеп, түнде 0-5 болса, кей жерлерде 8 градус аязға дейін барады. Күндіз 2-7 градусқа дейін жылы», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы