384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сүйекті қатайту үшін сүт ішу еш нәтиже бермейді - ғалымдар

  • 719
  • UPD: 23:23, 14.04.2019
Сүйекті қатайту үшін сүт ішу еш нәтиже бермейді - ғалымдар Otyrar.KZ

Бірнеше ұрпақ сүйекті қатайту үшін сүт ішу керек деген сөздерді естіп өсті. ВВС басылымы бұған қатысты ғылым не дейтінін ізденіп көріпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бала күнімізде барлығымызға ата-анамыз сүт ішсек, сүйегімізге пайдалы болатынын айтатын. Сүтте кальций көп. Ал кальций сүйектің минералды қатаюына мүмкіндік береді. Дегенмен, сүт ішу сүйекті қатайтады деп айтуға болмайды», - деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, Гарвард университеті 1997 жылдан бері 77 мың медбикені бақылап, олардың арасында сүтті көп ішкендердің денсаулғынан еш өзгеріс байқамаған. 330 мың ер адам қатысқан басқа зерттеуде де сүйек сыну көрсеткіші сүтті тұтынған тұтынбағанына қарамастан өзгермеген.

«Сүйекті қатайту үшін сүт ішу еш нәтиже бермейді. Ол үшін күн астында көп серуендеп, Д дәруменін алып отыру керек және тамаққа кальций қоспаларын қосқан дұрыс», - деп жазады автор.

Хабар 24 телеарнасы