384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамыр айында Мәскеу-Көкшетау әуе рейсі қайта ашылады

  • 568
Мамыр айында Мәскеу-Көкшетау әуе рейсі қайта ашылады iz.ru

Алдағы мамыр айының ортасында Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу бағытында әуе рейсі ашылады.

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали Фейсбук парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге рейсті аптасына бір рет (жексенбі күні), кейін екі рет (сәрсенбі, жексенбі күндері) Мәскеудің Жуковский әуежайы арқылы ұйымдастыру жоспарланып отыр. «Ал рейсті Иркутскінің «ИрАэро» әуекомпаниясы 98 жолаушыға арналған «Sukhoi Superjet 100» ұшағы арқылы жүзеге асыратын болады», - деп жазды Марат Иғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Жалпы, бұған дейін де 2017 жылы Мәскеудің «Домодедово» әуежайынан Көкшетауға қатынайтын рейс бар болатын. Алайда белгілі бір себептерге байланысты ол рейс кейіннен тоқтап қалды. Айта кетейік, алдағы жылы Көкшетауда Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы