378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дауылды ескерту жарияланды

  • 141
Елордада дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 17 сәуірде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

«Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні  15-20 м/с күтіледі. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдарының тұрақты және авариясыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша, қалалық қызметтер, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, Департаменттер мен басқармалардың басшылары қажетті шаралар қабылдасын. Жағдайдың қыйындауы болған кезде дереу баяндаңыздар», делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД таратқан хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы