379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін

  • 250
Қызылорда облысында жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін Известия

Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен Қызылорда облысының солтүстік аудандарында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Ауа райының күрт құбылуы сәуірдің 18-20 аралығында күтілуде. Осы күндері Қазалы, Арал аудандарында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеуі болжанып отыр. Жалпы облыс аумағында бүгіннің өзінде қатты жел соғып тұр. Синоптиктер шаңды дауылдың күші алдағы күндері арта түсуі ықтимал дейді. Тіпті найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Айкерім Жөкелова, Қызылорда облысы бойынша «Қазгидромет» РМК бөлім басшысы:

– Жел күшейіп, облыс бойынша найзағай күтіледі. Осы айтылған барлық қауіпті құбылыстар арнайы дабылды ескерту арқылы беріліп, хабарландырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы