388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 812
  • UPD: 14:13, 20.04.2019
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады? novostipmr.com

Синоптиктер алдағы тәуліктерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстанның оңтүстігінде көктем өз күшіне енді, ал республиканың солтүстігінде керісінше. Мұнда алдағы күндері бұлтты ауа райы жылбысқы қармен және түнгі ауа температурасы минус 10°С сақталады, бұл климаттық нормадан 3…5°С төмен. Мұндай ауа райы Карск теңізіне Баренц арқылы бірінен кейін бірі жылжыйтын белсенді циклонмен байланысты, ал осы циклонның жүйесіне енетін арктикалық фронттар Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райына ықпалын тигізетін болады. Республиканың оңтүстік облыстары бұрыңғыдай оңтүстік фронтальдық бөліктердің және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Онымен бірге, демалыс күндері жаңбыр, кей жерлерде найзағай, бұршақ түсуі мүмкін. Бірақ мұнда жылы, күндіз ауа температурасы плюс 15…22°С дейін жылынады, ал бұл орташа көпжылдық мәнге жақын», – делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы