377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

  • 249
  • UPD: 23:53, 24.04.2019
Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25-26 сәуірде жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында, 25 сәуірде Түркістан облысында өзендегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

26-27 сәуірде жауын-шашын жаууының болжамына байланысты, кей жерлерде қатты жаңбыр түрінде, ШҚО-да өзендер суы деңгейінің көтерілуі, жайылма аумақтарына шығуы және су басу қаупі күтіледі.

25 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтау қаласында 25 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі. Түнде 26-27 сәуірде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз 26 сәуірде кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей жерлерінде 25 м/с күтіледі. Қостанайда күндіз 25 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 26-27 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

25 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел сотүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с. Нұр-Сұлтанда күндіз 25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұршақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 25 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

25 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде солтүстік және таулы аудандарда 1 градус үсік күтіледі. Шымкентте 25 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Түркістанда 25 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Батыстан, шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с.

25 сәуірде түнде Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, тұман, бұршақ болуы ықтимал, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 24 сәуірде күндіз, 25 сәуірде түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда 24 сәуірде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы ықтимал, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

25 сәуір 20 сағатқа дейін 23-25 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, 23 сәуір күндіз, 24-25 сәуірде тәулік бойы солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі, 24-25 сәуірде кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы