379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 393
Еліміздің екі өңірінде дауылды ескерту жарияланды КТК

27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады.

Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскемен қ.: 27 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с дейін күтіледі.

Семей қ.: 27 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с дейін күтіледі.

27 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Түнде солтүстік және таулы аудандарда топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Хабар 24 телеарнасы