378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 363
  • UPD: 16:48, 27.04.2019
Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет РМК Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

28 сәуірде Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде секундына 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін жетеді. 29 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Нұр-Сұлтан қаласында 28 сәуір күндіз, 29 сәуірде тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90% болып отыр екен.

Хабар 24 телеарнасы