378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде күн жылиды

  • 347
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде күн жылиды GoodFon

Қазгидромет мамандары алдағы үш тәулікке арналған ауа райына болжам жасады.

4-6 мамырда еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында күн жылынып, ашық болады деп күтіледі.

6 мамырда күндіз кей жерлерде +23, +28-ке дейін көтеріліп, оңтүстік және орталықта +27, +32-ке дейін ысиды.

Ал оңтүстік-шығыста суық атмосфералық ағынның ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашын тоқтағанда өңірде күн тез жылынады деп күтіледі.

Сондай-ақ еліміздің батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады және нөсер кезінде дауылды жел соғады деп болжамдап отыр отандық синоптиктер.

Хабар 24 телеарнасы