378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнінде қандай мерекелік шаралар өтеді?

  • 175
  • UPD: 17:04, 04.05.2019
Елордада Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнінде қандай мерекелік шаралар өтеді? Sputnik Казахстан

Нұр-Сұлтанда ресми іс-шаралар 7 мамырда басталады.

Мереке күндері елордада Ақмола жауынгерлерінің бейітіне Даңқ гүл тізбегін қою рәсімі, жеңіл атлетикалық эстафета, автожарыс және мерекелік концерттер ұйымдастырылады. 7 мамырда Триатлон-саябақта қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашаласа, ал 9 мамырда сағат 23:00-де Есіл өзенінің жағасында Жеңіс күні құрметіне арналған отшашуға куә бола алады.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы