389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы Қабанбай, Тұран даңғылдарының бір бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылады

  • 444
  • UPD: 23:00, 04.05.2019
Астанадағы Қабанбай, Тұран даңғылдарының бір бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылады astana.gov.kz

15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Қабанбай және Тұран даңғылдарының бір бөлігінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады.

Қозғалысқа шектеу жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіледі. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында жатқан № 24 көше бөлігінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында № 24 көше мен Тұран даңғылының қиылысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастамақ. Осыған орай 15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында аталған жол учаскесінде көлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеу қойылады. «Қала көшелерінде кептелістер тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алды ала жоспарлауы қажет», – деп мәлімдеді ведомствода.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы