378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда циклоннан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

  • 157
  • UPD: 14:53, 05.05.2019
Үндістанда циклоннан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

Үндістандағы циклоннан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Қазір дауыл Үндістан жағалауынан ығысты. Соңғы деректер бойынша зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматы жоқ. Жойқын апаттан 15 адам зардап шеккен. Біздің елдің азаматтары Үндістандағы елшілікке жүгінбеген» делінген ведомство мәліметінде.

Еске салсақ, Үндістанның жағалаудағы елді мекендерінен «Фани» циклоны төнуіне байланысты  жүздеген мың адам эвакуацияланған болатын. Соңғы деректер бойынша қауіпсіз жерге көшірілгендер саны бір миллионнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы