378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 317
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады? ГТРК Южный Урал

Алдағы үш тәулікте қазақстандықтарды ауа райы қуантады.

Антициклонның ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз күндер күтіледі. Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында күндіз ауа +22…28°С дейін, кей жерлерде +30…33°С дейін жылынады. Оңтүстік-шығыста жаңбыр тоқтайды, температура жоғарылайды. Тек батыс облыстарында атмосфералық фронттармен бірге найзағай, өткінші жаңбыр күтіледі, бірақ бұл жерде де күндіз плюс 20...25, кей жерлерде 26…31°С дейін жылынады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы