378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мереке күндеріне орай тәртіп күшейтіледі

  • 299
  • UPD: 22:06, 06.05.2019
Елімізде мереке күндеріне орай тәртіп күшейтіледі

Елімізде мереке күндеріне орай тәртіп күшейеді. Ішкі істер министрлігінің барлық жеке құрамы 12 мамырға дейін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. Полиция қызметкерлері мерекелік шаралар өтетін аумақтарды, қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіпті жіті қадағалайтын болады.

«Батырларға тағзым» шеруіне байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылмақ. Сондықтан ішкі істер министрлігі бағыттарды алдын ала жоспарлауды ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы