378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана LRT» орталық кассасы мереке күндері жұмыс істемейді

  • 218
  • UPD: 16:19, 07.05.2019
«Астана LRT» орталық кассасы мереке күндері жұмыс істемейді astana.gov.kz

Мерекелерге орай 7, 9, 10, 11 және 12 мамыр күні Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекенжайы бойынша орналасқан орталық касса жұмыс істемейді.

Бұл туралы «Астана LRT» баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті жолаушылар, Сіздерден мамырлық мерекелердің қарсаңында көліктік карталарыңызды алдын ала толтыруыңызды сұраймыз. Көліктік карталарды RTVM терминалдары арқылы, мамандандырылған кассаларда толтыруға болады. Терминалдар мен кассалардың мекен-жайлары туралы ақпарат www.alrt.kz сайтында келтірілген», – делінген хабарламада. Қалған мамандандырылған кассалар әдеттегі тәртіп бойынша жұмыс істейді. 

Хабар 24 телеарнасы