378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы болжамы. Батыс пен солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін

  • 151
  • UPD: 09:47, 11.05.2019
Ауа райы болжамы. Батыс пен солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін

11 мамырда Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі7

Бұл күні ел аймақтарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, оңтүстікте - шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.

Хабар 24 телеарнасы