378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескерту: Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында үсік күтіледі

  • 145
  • UPD: 13:50, 13.05.2019
Ескерту: Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында үсік күтіледі vlast.kz

«Қазгидромет» өкілдері 13-16 мамыр аралығында еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жариялады.

14 мамырда Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ауысады), кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 14-15 мамырда 1-6 градус үсік күтіледі.

Түнде 15-16 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

Күндіз 14 мамырда Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 15-16 мамырда 1-6 градус үсік күтіледі.

Күндіз 14, тәулік бойы 15 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 14-16 мамырда 1-6 градус үсік күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы