378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сары маса шаққанда асқынудың алдын алу үшін не істеу керек?

  • 110
  • UPD: 16:51, 13.05.2019
Сары маса шаққанда асқынудың алдын алу үшін не істеу керек? astana.gov.kz

Елордалық дәрігерлер сары маса шаққаннан болатын асқынулардың алдын алу шаралары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сары масаға қарсы себілетін дәрілік заттардан адамдардың аллергиясы қозатыны расталмаған. Ол препараттар талапқа сәйкес тіркеуден өтіп, оған сараптама жасалады.

ҚДСБ ақпараты бойынша сары маса шаққан жер сулануы мүмкін. Сосын ол қотырға айналып, адамның құсқысы келеді. Адам анафилактикалық шок және есінен айрылуы мүмкін. Бұл әдетте үлкен адамдарда болады. Ал балаларда сары маса шаққан жер қызарып, қатты қышуы мүмкін.

«Егер осы белгілер қайтпаса немесе одан ары үдей түссе, дәрігерге қаралған жөн. Дәрігерге сары маса шаққанын, қандай дәрі-дәрмекке аллергиясы барын айтқан жөн», – деп мәлімдеді басқармада.

Дәрігерлер сары маса шаққанда не істеу керектігін айтты:

  1. Сары маса шаққан жерді балалар жиі қасиды, қолының тазалығын қадалаған жөн. Жиі сабындап жудырып тұру керек.
  2. Серуендеуге шыққанда баланы қымтап жапқан жөн, жеңі бар, ұзын балақты киім кигізген дұрыс.
  3. Сары масаға қарсы кремдер жаққан жөн. Оны да жағар алдында аллергия тудырмайтынын бақылау керек. Алдымен бір жерге ғана жағып көріңіз.
  4. Сары масаның шағуына қарсы кремді қолданарда нұсқаулығымен танысып, қай жасқа арналғанын қараған абзал.
  5. Репеллентті жарасы бар жерге кремді жақпаған жөн.

«Репеллентті дәріханадан алыңыздар. Аллергия күшейіп кетсе, өз бетіңізбен ем қолданбаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз», дейді дәрігерлер.

ҚДСБ тұрақты энтомологиялық мониторинг жүргізеді. Байқоңыр, Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандарының әкімшіліктері бірлесіп жыл сайын қалада және қала маңында дезинсекциондық жұмыстарды жүргізеді. Тұрғындар шыбын-шіркейді улау және қызмет көрсету мәселелері бойынша аудан әкімдіктеріне Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарлауға болады.

Хабар 24 телеарнасы