378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы онкология орталығында ашық есік күні өтеді

  • 211
Елордадағы онкология орталығында ашық есік күні өтеді ВитаПортал

Нұр-Сұлтан қаласының Онкология орталығында онколог дәрігерлердің қатысуымен өтетін шарада келушілер тегін тексеріліп, дәрігер кеңесін ала алады.

Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

«2016-2019 жылдарға арналған ҚР-да онкологиялық ауруларды басқарудың интеграцияланған моделін енгізу бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде «Тері обыры, меланома» онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша 2019 жылғы 18 мамырда сағат 9:00 ден 13:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Онкология орталығының емханасының базасында онколог дәрігерлердің қатысуымен ашық есік күні өткізіледі», - делінген хабарламада.

Профилактикалық тексеру тегін жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы