378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талапкер назарына! Қай мамандықта білім алған ұтымды?

  • 139
  • UPD: 22:37, 13.05.2019
Талапкер назарына! Қай мамандықта білім алған ұтымды? Мел

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, елімізде бүгінде бас-аяғы 131 жоғары оқу орны бар.

Оның 10-ы ұлттық, 31-і мемлекеттік, 14-і азаматтық емес, ал қалғандары акционерлік пен жекеменшік және дербес білім беру ұйымы мен халықаралық Жоғары оқу орындары. Ақылы оқу құнының ең жоғарғы көрсеткіші ұлттық білім ордаларында байқалады, жобалап 800-900 мың теңге көлемінде. Ал мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқудың орташа құны шамамен 2 есе арзан. Ең тиімдісі жекеменшік білім нысандары деп топшалауға болады. Мәселен, орташа баға 260 мың теңгені құрайды. Ағымдағы оқу жылында бакалавриатқа барлығы 51 085 грант бөлінсе, магистратураға 13 179, ал докторантураға 2 322 орын қарастырылған. «Болашақ маман иесі қай мамандықта білім алғаны ұтымды?» деген сауалға бірнеше мысал келтірсек: «Білім» бағыты бойынша оқудың орташа құны 390 мың теңге болса, «Гуманитарлық ғылымдар» 440 мың теңгені құрайды. «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» 700 мың теңгеге тең, ал жаратылыстану ғылымдарын меңгергісі келетіндер үшін оқу құны – 400 мың теңге. Ең жоғары оқу құны «Денсаулық сақтау» бағытында – 720 мың теңге. Бұл өз кезегінде «Білім» бағытынан шамамен 2 есе қымбат.

Гранттар енді білім беру бағдарламасының топтары бойынша бөлінеді 

Білім беру бағдарламасы мен бейінді пәнді қалай таңдау керек?

ҰБТ, грант, шекті балл. Жас түлекке қажет ақпарат 

Авторы: Мерей Қалиасқар

Хабар 24 телеарнасы