378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гранттар енді білім беру бағдарламасының топтары бойынша бөлінеді

  • 193
  • UPD: 22:38, 13.05.2019
Гранттар енді білім беру бағдарламасының топтары бойынша бөлінеді Казинформ

Биыл ҰБТ форматы мен тиісті пән комбинациялары өзгеріссіз қалды.

Жаңалық – 2019 жылдан бастап мамандық емес білім беру тобы таңдалатындығында.

Алдымен барлық өзгерістер туралы айтайық. Ол бойынша қалаған оқуға түсуге болады:

  1. ҰБТ-ны жыл бойы 4 рет ақылы түрде тапсыруға болады.
  2. ТжКО түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орнына ақылы түрде түсіп, оқуларын қысқарған бағдарлама арқылы жалғастыра алады. Оқуға қабылдану үшін бар болғаны ЖОО сынағынан өтуі керек.
  3. Кешенді тест ҰБТ-мен бірікті.

Сондай-ақ «Педагогика ғылымдары» бағыты бойынша балл шегі 60-қа дейін көтерілді. 2019 жылдан бастап ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға болады. Жоғары оқу орнына ақылы түрде түскісі келетіндер қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында тест тапсыра алады. ҰБТ тапсырған сайын пәнді өзгертіп тұруға да болады.

Тек 20 маусым мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсырып, шекті балл алған талапкерлер ғана білім беру гранттары байқауына қатыса алады.

Бейінді пәндер комбинациясы өзгерген жоқ.

  1. Математика – Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 25).
  2. Математика – География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 9).
  3. Биология – Химия (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 16).
  4. Биология – География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 9).
  5. Шет тілі – Дүниежүзі тарихы (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 5).
  6. География – Шет тілі (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 2).
  7. Дүниежүзі тарихы – Адам. Қоғам. Құқық (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 2).
  8. Дүниежүзі тарихы – География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 5).
  9. Қазақ тілі/ Орыс тілі – Қазақ әдебиеті /Орыс әдебиеті (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 4).
  10. Химия — Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 1).
  11. Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 19)

ҰБТ, грант, шекті балл. Жас түлекке қажет ақпарат 

Талапкер назарына! Қай мамандықта білім алған ұтымды? 

Білім беру бағдарламасы мен бейінді пәнді қалай таңдау керек? 

Авторы: Мерей Қалиасқар

Хабар 24 телеарнасы