378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім беру бағдарламасы мен бейінді пәнді қалай таңдау керек?

  • 198
  • UPD: 22:37, 13.05.2019
Білім беру бағдарламасы мен бейінді пәнді қалай таңдау керек? zakon.kz

Бұрын гранттар мамандық бойынша бөлінетін.

Енді - білім беру бағдарламалары бойынша бөлінеді. Барлығы 97 топ бар, тізімі ҰТО сайтында берілген: https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php.

Ұлттық тест орталығы видео да дайындаған (http://bit.ly/2DQxWd7). Онда тиісті пәндер тізімі мен оған сәйкес келетін білім беру бағдарламалары берілген. Бұл тізімді көре салып сіздер тиісті пәнді қалай таңдау керегін бірден ұғасыздар.

Мысалы, маусым айындағы ҰБТ кезінде сынақты «Биология» + «Химия» комбинациясы бойынша тапсырасыз делік. Ендеше, білім беру бағдарламасын 16 бағдарлама ішінен іздейсіз (тізім ҰТО сайтында тұр: https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php). Бір ескерерлігі, бакалавриатқа түсетіндер төрт топтан артық таңдай алмайды.

Осылайша, «Биология» + «Химия» таңдағанда, сізде мынадай оқу бағдарламалары тізімі шығады:

  1. «Химия пәнінің мүғалімі».
  2. «Биология және аралас ғылымдар».
  3. «Ветеринария».
  4. «Жалпы медицина».

Егер шығармашылық мамандық таңдар болсаңыз және осы бағытта грант ұтып алу ойыңызда болса тек бір ғана білім беру бағдарламасын таңдай аласыз.

Мысалы, «Аудиовизуал құралдар және медиаөндіріс» пәнін таңдай отырып, тиісті пән бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырасыз. Бұл ретте білім беру бағдарламасы мынадай болады:

  1. «Операторлық өнер».
  2. «Баспа ісі».
  3. «Полиграфия».

Талапкер назарына! Қай мамандықта білім алған ұтымды? 

Гранттар енді білім беру бағдарламасының топтары бойынша бөлінеді 

ҰБТ, грант, шекті балл. Жас түлекке қажет ақпарат 

Авторы: Мерей Қалиасқар

Хабар 24 телеарнасы