378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 152
  • UPD: 17:18, 15.05.2019
Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жариялады.

Түркістан, Қостанай Қызылорда облыстарында қатты жел соғып, найзағай күтілсе, Шығыс Қазақстан облысында үсік болуы ықтимал.

16 мамырда күндіз Түркістан облысының тауында найзағай, кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

16 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 16-18 мамырда Шығыс Қазақстан облысында 3-8 градус үсік сақталады.

Өскемен және Семей қалаларында 16 мамырда түнде 3-5 градус үсік сақталады.

16 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталып, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Қызылорда қ.: 16 мамырда күндіз шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с сақталады.

Хабар 24 телеарнасы