379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 115
  • UPD: 16:53, 17.05.2019
Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды kaztag.kz

Синоптиктер еліміздің 5 облысында дауылды ескерту жариялады.

18 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен қ.: 18 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі.

Семей қ.: 18 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі.

18 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының тауында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шымкент қ: 18 мамырда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Түркістан қ: 18 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

18 мамыр күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 сақталады.

18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді

Нұр-Сұлтан қ: таңертең және 18 мамырда күндіз найзағай бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

18 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ: 18 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы