379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 178
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша 18-20 мамыр аралығында Қазақстанға Солтүстік Оралдан суық және ылғал ауа массаларының келуі жиі байқалады.

Алдағы демалыс күндері де Оралдан келетін суық атмосфералық фронттармен республиканың көптеген аймағында жаңбыр және температураның кезекті төмендеуі күтіледі. Сенбі күні оңтүстікте, жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні солтүстік және орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр болуы ықтимал. Республиканың батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашынның тоқтап, солтүстік тропосфералық ағындармен ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы