389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескерту: Алдағы күндері СҚО-да -3 градус үсік болады

  • 365
  • UPD: 13:44, 21.05.2019
Ескерту: Алдағы күндері СҚО-да -3 градус үсік болады Gorodche.ru

Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жаңбыр жауады арты қарға ұласуы мүмкін.

22-23 мамыр аралығында СҚО-да -3 градус үсік күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

22 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимад. 22-23 мамырда өңірдің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде кей жерлерде үсік 3 градус шамасында болады.

22 мамырда Петропавл қаласында бұршақ жаууы мүмкін.

22-23 мамырда қалада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

 

Хабар 24 телеарнасы