Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тақтар ойыны». Соңғы сериядан кейінгі қазақстандық көрерменнің пікірі

  • 183
  • UPD: 12:08, 22.05.2019
«Тақтар ойыны». Соңғы сериядан кейінгі қазақстандық көрерменнің пікірі blog.amediateka.ru

Барша әлем болып көрген «Тақтар ойыны» сериалы өз мәресіне жетті.

Қазақстандықтардың да басым бөлігі аталмыш туындыны 8 жыл бойы көріп келгендерін жеткізді. 2011 жылы бастау алған эпикалық сериал көп көрерменнің өмірінен маңызды орынды ойып тұрып алғаны да белгілі. Сонымен, соңғы сериядан кейінгі көрерменнің пікірін білейік.

Көрермендердің біраз бөлігі өздерінің наразылықтарын білдірген. Олар сонша уақыт бойы күткен соңғы бөлім көңілден шықпағанын тілге тиек етіп жатыр.

«Тақтар ойынының соңғы бөліміне де келіп жеттік. Алайда, менің көңілімнен шықпады. Сегіз маусым бойы тебіреніс пен көп сұрақтардың астына алған ғажап туындының отын соңғы серия өшіре салғандай болды. Бәрібір сценарий бойынша Джон Сноудың таққа отырғаны әділ болатын еді. Алайда, 8 жыл бойы түбі не боларын білмей, таңырқап қалған жанкүйерлердің сезімін түсінуге болады. Бірі менмін», - деді Айдана Габбасова.

Соңғы бөлімнің сырын түсінбегендер де бар екен. Джордж Мартин барлық жанкүйерлерді белгісіз сезімде ұстап тұрып, соңғы үміттерін ақтамағандарын да айтып жатыр.

«Джордж Мартиннің ойын түсінбедім. Не үшін таққа дым бітірмей келген Старктардың ұрпағын қойды. Жауыздық пен махаббат үнемі бірге жүретін бұл туындының соңында әділетсіздік жеңеді деп ойламадым. Ең соңғы бөлімін қайта түсіру керек деп ойлаймын», - деді Алия Каирова.

Мектеп оқушысы Райымбек Мұрат есімді бозбала соңғы бөлімді жақсы қабылдағанын жеткізді.

«Бұл соңғы бөлім біреуге ұнамаса да, ұнаса да, мен жақсы қабылдадым. Сценарийстер әдейі барлығын бүге-шүгесіне дейін ойластырған. Бір мін жоқ. Көңілімнен шықты. Қалған түсінбей жатқан жанкүйерлерді түсінбедім», - деді Райымбек Мұрат.

Ал зейнеткер Зарина Омарова жұмыстан тыс көретін сүйікті сериалының соңғы бөлімі көңілін көншітпегенін жеткізді. Ол сондай-ақ спойлер жасайтын адамдарға деген ренішін де айтып қалды.

«Тақтар ойынының ең соңғы сериясын сарылып күткен едім. Барлық күткенім су сепкендей басылды. Спойлер жасайтын адамдарды түсінбеймін. Мақсаты не олардың? Жұмыс уақытынан кейін көремін деп күтіп жүр едім. Дейнеристің өліп қалатынын әлеуметтік желіден оқып қалып, ұнжырғам түсіп кетті. Соңғы бөлімін көрмегенім артық еді деп ойладым. Мұндай оқиғалардың шиелінісі болатыны түсіме де кірмепті. Бірақ фильмнің авторлары діттеген мақсаттарына жетті. 8 жыл бойы тұрақты касса жинады. Актерлер танымал болды. Барлығы бақытты», - деді Зарина Омарова.

Аягөз Құрмаш, көрермен:

- Тақтар ойыны сериалының шыққанына 8 жылдай уақыт өтті. Міне, эпикалық сериалдың соңғы сериясы аяқталып, жанкүйерлер үшін бір  жақсы туындының дәуірі аяқталды десем де болады. Бұл мен білетін барша әлем болып көрген алғашқы сериал деп ойлаймын. Себебі, арнайы эффектілер мен сценарий, актерлер келбеті, оқиға желісі бірігіп, тұтас бір шедеврді құраған болатын. Шынымды айтсам, соңғы сериядан көп нәрсе күттім. Әр бөлімі аяқталған соң сан түрлі сезімге бой алдыратын  туындының соңғы нүктесі әдемі қойылу керек еді. Алайда, барлығын саралап, салқынқанды түрде таразыға салса, авторлар ең дана шешіммен аяқтады. Бұндай туындыны енді көруге бұйырар ма екен, кім біледі...

Жанкүйерлердің пікірінше, даттағандары мен жақтағандары да бар екенін айтуға болады. Десек те, бір сериалдың кейіпкерлерімен бірге өскен бала бүгін 8-ге келер еді. «Тақтар ойыны» адамдардың жадына сақталып қалатыны сөзсіз деп айтуға негіз бар.

Хабар 24 телеарнасы